Бір күнде екі сарбаз: Тағы бір әскери өзін-өзі атып тастады

0
862

Қызметке кіріскеніне екі-ақ апта болған қатардағы жауынгердің өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.


Бір күнде екі сарбаз: Тағы бір әскери өзін-өзі атып тастады

ERNUR.KZ. ҚР армиясындағы тағы бір суицид – Приозерск гарнизонының әскери қызметшісі өзін-өзі өлтірді, деп жазады ulysmedia.kz.

Қарағанды облысының әскери бөлімдердің біріндегі қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желілерде жазылды. Онда ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 06708 әскери бөлім сарбазының өзін-өзі атып тастағаны туралы айтылған.

Қорғаныс министрлігі бұл деректі растады.

Қызметке кіріскеніне екі-ақ апта болған қатардағы жауынгердің өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.

14 қазанда Приозерск гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді басшы бекітілген қарудан басына оқ атты. Іс әскери қызметіне қатысы жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды, мән-жайлар анықталуда, - деп хабарлады ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Ведомство сарбаздың туыстары мен жақындарына қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

Естеріңізде болса, бүгін ғана Шахтинскте бір сарбаздың қаза болғаны туралы хабарлағанбыз.