«Бір душты жөндеуге үш ай керек пе?»: Бақтияр Артаев жұмыс істемейтін директорларға шүйлікті (ВИДЕО)

0
107

​Бақтияр Артаевтың жиналыс үстінде түсірілген видеосы желіде жарияланды.


«Бір душты жөндеуге үш ай керек пе?»: Бақтияр Артаев жұмыс істемейтін директорларға шүйлікті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев жұмысына немқұрайлы қарап, тапсырманы уақытылы орындамайтын спорт мекемелерінің директорларына шүйлікті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың жұмысын сынға алды.

«Мұның бәрін еріккеннен істеп жатқан жоқпын. Өйткені балалар қолайлы жағдайда жаттығуы керек. Үш ай емес, бір ай да жеткілікті. Осы түрімізбен қыркүйекке дейін барамыз. Сіздерді жазалағаннан абырой таппаймын. Берілген тапсырманы орындамағанға наразы болып отырмын.
Кішкентай ғана жуынатын бөлмені жөндеу үшін сіздерге үш ай керек пе? Кейбір әріптестеріміз ол жұмысты бастаған да жоқ. Оны да білемін», – дейді Бақтияр Артаев.

Ол қоластындағы көмекшісіне арнайы тапсырма беріп, берілген тапсырманы орындамаған басшыларды қызметінен алып тастауды тапсырды.

«Кім жұмысты әлі бастаған жоқ, жұмыстан кету жөнінде арыз жазсын. Мен ол адаммен ары қарай жұмыс істемеймін. Кім жұмысты орта деңгейге алып келді, онда шара қолданамыз. Бір айтқанды орындамайтын адаммен ары қарай жұмыс істемейміз. Жеке өзіме сұрап отырған жоқпын, балалар үшін жасап жатырмыз», – деп Бақтияр Артаев шүйлікті.