Алматы облысы Алатау қаласына қарасты Әли ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенген.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Бүгін, 20 қыркүйекте, Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт оқшауланды, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
15 қыркүйек күні таңертең Алматы облысы Алатау қаласына қарасты Әли ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенген.
Алғашқыда түтін жақын маңдағы Өтеген батыр, Байсерке және Әли ауылдарын басып, кейін Алматыға да жетті.
17 қыркүйекте Алматы облысы әкімдігі ауаға жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық мониторингтің нәтижелерін жариялады.