​Бензин бағасы біртіндеп көтерілуі мүмкін – Ерлан Ақпаров

0
116

Мораторий осы жылдың 1 сәуірінде аяқталды.


​Бензин бағасы біртіндеп көтерілуі мүмкін – Ерлан Ақпаров

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Бензин бағасы біртіндеп көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақпаров айтты, деп жазады inform.kz.

– Жалпы, өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, бағаның күрт өсуі болмайды. Біртіндеп-біртіндеп көтерілетін шығар. Қанша пайызға көтерілетінін нақты айта алмаймын, - деді вице-министр елордада өтіп жатқан GECA 2026 халықарлық геологиялық форумы аясында агенттік тілшісінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 16 қазанынан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілген еді. Сол кезден бастап Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті қадағалау жүргізді. Сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдады.
Мораторий осы жылдың 1 сәуірінде аяқталды.