Бельгия королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады

0
270


Бельгия королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады

ERNUR.KZ. Бельгия королі Филипп Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады, деп жазады Zakon.kz.


Бұл туралы 2026 жылы 8 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген. Сондай-ақ король Филипп биыл президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен".