Үкімет басшысы желіде тараған қауесетті жоққа шығарды.
фото: Пресс-служба правительства Казахстана
ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов бұрын билікте болған шенеуніктермен ешқандай туыстық қарым-қатынасы жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін үкімет басшысы алғаш рет бірнеше сағаттық брифингке қатысты. Сол кезде журналистер халық арасында кеңінен тараған қауесет жайында сұрады.
"Сіз шынымен де Жақсыбековтар әулетінің күйеу баласысыз ба?", - деп сұрады тілшілер.
Премьер-министр жеке өміріне қатысты сұрақ болса да, жауап беруге келісті.
"Енді бұл толығымен шындыққа сай келмейтін ақпарат. Бұрынғы және қазіргі бірде-бір шенеунікпен туыстық қарым-қатынасым жоқ. Кімнің күйеу баласы десеңіз, өзіміздің қарапайым азаматтардың, қарапайым жұмысшылардың күйеу баласымын. Фамилиясын айта алмаймын. Бұл – жеке мәлімет. Оны жариялағым келмейді", - деп атап өтті Бектенов.