Бектенов үкіметте тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады

0
83

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа 16 минуттық баяндамасынан кейін ескерту жасады.


Бектенов үкіметте тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады

ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" басшысына тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа 16 минуттық баяндамасынан кейін ескерту жасады.

"Баяндамаңыз тым созылып кетті ғой. Қысқа да нұсқа баяндау керек. Уақытты үнемдейік", - деді Бектенов.



Бүгін Үкіметтің күн тәртібі - электроэнергетика саласын дамыту және цифрландыру мәселелері.

Қайрат Мақсұтов — "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы. Ол "Самұрық-Қазына" қорының құрылымына кіретін Қазақстандағы ең ірі энергия өндіруші компанияны басқарады.