Бектенов шекарада ID-картаны енгізу жұмысын жылдамдатуды тапсырды

0
163


Бектенов шекарада ID-картаны енгізу жұмысын жылдамдатуды тапсырды
© Photo : КГД МФ РК
ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов шекарада шетелдіктердің ID-картасын енгізу жұмысын жылдамдатуды тапсырды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы екі жылда Қазақстанда тұрақты тұруға келетін шетелдіктердің саны бір жарым есеге артқан. Заңды бұзу фактілері де бар.

“Мәселен, биыл мамыр айында жедел-профилактикалық шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды. Мұндай жағдайлардың уақытылы жолын кесу керек. Ол үшін цифрлық құралдарды да белсенді түрде енгізу қажет. Мигранттардың қозғалысын жүйеге келтіріп, толыққанды мониторинг жүргізу үшін шекарадан өткен кезде берілетін көшіп қонушының ID-картасын енгізу жұмысын жеделдеткен жөн”, - деді Бектенов.

Осы орайда үкімет басшысы еңбек және цифрлық даму министрліктеріне 1 қарашаға дейін көші-қон процестерін есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді тапсырды.