Қаржының қалай ұрланғаны анықталған соң заңнамалық түзетулер қабылдануы мүмкін.
фото: sputnik.kz.
ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.
Астанада Перизат Қайраттың ісі бойынша сот отырысы басталған болатын. Премьер-министр Олжас Бектенов осы істің мән-жайын біліп отыр
"Мен ол жайында хабардармын. Өкінішке қарай, бюжет қаражатын ғана емес, халықтан жиналған ақшаны да мақсатсыз жұмсап жатады. Бұл да бір мысал бола алады. Бірақ жалғыз мысал емес, басқалары да бар. Бұл ең атышулы іс болып отыр, мәселе сонда. Әрине, ондай қаржыны жұмсаудың есебі ашық және бақылауда болуы үшін осы механизмдерді заңнамалық тұрғыда реттеу керек", - деді Бектенов.
Оның айтуынша, құқық қорғау органдары Перизат Қайраттың ісі аясында қаржының қалай ұрланғанын көрсетіп береді.
"Соның негізінде тиісті заңнамалық түзетулерді қабылдауға болады", - деп атап өтті.