Баян Алагөзова Қазақстандағы ең сұлу әйелдердің көшін бастады

0
184

Бұл мәртебелі атаққа әртүрлі жас пен әлеуметтік топтағы әйелдер таласты.


Баян Алагөзова Қазақстандағы ең сұлу әйелдердің көшін бастады

Сурет: Instagram/bayanmaxatkyzy

ERNUR.KZ. Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Қазақстандағы ең көрікті танымал әйел ретінде танылды. ZimaBlue зерттеу агенттігі қазақстандық әйелдердің рейтингін ұсынды, деп жазады zakon.kz.

Қазақстандық продюсер бұл жетістігін Instagram-дағы парақшасында бөлісіп, Stories-те сауалнама нәтижесінің скриншотын жариялады және өзіне дауыс берген барлық жанкүйеріне алғысын білдірді.

Бұл мәртебелі атаққа әртүрлі жас пен әлеуметтік топтағы әйелдер таласты. Рейтингтің алғашқы орындарына жай ғана көрікті медиабейнелер емес, сонымен қатар харизмасы, талантты және танымал тұлғалар енген.

Сурет: Instagram/bayanmaxatkyzy

Екінші орынды Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева,

үшінші орынды актриса Әсел Сағатова иеленді.

Үздік ондыққа екі спортшы қыз да енді:

Сегізінші орын — волейболшы Сабина Алтынбекова,

сондай-ақ тізімге спорттық жетістіктері мен медиялық белсенділігімен танымал боксшы Ангелина Лукас та кірді.