Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені анықталды

0
97

Бауыржан Байбек 2022 жылдың наурыз айынан бастап "онлайн" режимінде жұмыс істеген.


Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені анықталды

Фото: Nur.kz

ERNUR.KZ. Алматының экс-әкімі әрі "Нұр Отан" партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары қазір немен айналысып жүргенін қарындасы айтты, деп жазады stan.kz.

Айгүл Байбектің айтуынша, ол Біріккен Араб әмірліктерінде оқып, жұмыс істеді.

"Мемлекеттік және қоғамдық қызметтен бос адам ретінде ол екі жылдан астам уақыт Біріккен Араб Әмірліктерінде оқып, жұмыс істеді. Сол жерде Қазақстандағы жобаларға шетелдік инвестиция тартумен айналысты. Соңғы бір жарым жылда ол Жапонияда еңбек етіп жүр. Ол жерде жапон капиталы мен ноу-хауын елімізге тарту үшін инновациялық жобаларды дамытып жатыр”, – деді оның қарындасы.

Сондай-ақ Бауыржан Байбек 2022 жылдың наурыз айынан бастап "онлайн" режимінде жұмыс істеген.

“Ол Ақмола облысында ең озық неміс технологиясын қолданып, сала құрайтын өңдеуші өндірісті құруға инвестиция салып жатқан Qazaq Kaolin компаниясының кеңесшісі болды”, – деді Айгүл Байбек.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбектің Елдос Қоспаевтың қылмыстық топ мүшелерінен жеңілдетілген бағамен жылжымайтын мүлік сатып алғаны хабарланған еді.