Биылғы тәж Мексикадан келген 25 жастағы Фатима Бошқа бұйырды.
Фото: instagram.com/missuniverse
ERNUR.KZ. Бангкокте 120 елдің өкілдері қатысқан «Әлем аруы – 2025» байқауы мәресіне жетті, деп жазады ulysmedia.kz.
Биылғы тәж Мексикадан келген 25 жастағы Фатима Бошқа бұйырды. Ол тұрақты сән саласындағы жобалармен айналысады, онкологияға шалдыққан балаларға көмектеседі, сондай-ақ мигранттарды қолдау және табиғатты қорғау бастамаларына қатысады.
Өткен жылғы жеңімпаз, дат елінің өкілі Виктория Кьер Тейлвиг оған тәжді табыстады.
Биылғы шара 5 қарашада басталып, 120 елдің қатысушылары бақ сынады. Финал 21 қарашада өтті. Оны америкалық комик Стив Бирн жүргізді, ал ашылу бөлімінде тай әншісі Джефф Сатур өнер көрсетті. Финалға 30 ару өтті. Купальникпен дефиле нәтижесінде бұл сан 12-ге қысқарды, ал кешкі турдан кейін бестіктің есімі анықталды.
Топ-5-ке енгендер
Финалдық бестік төмендегідей бөлінді:
1-орынның вице-ару — Правинар Сингх (Таиланд);
2-орынның вице-ару — Стефани Абасали (Венесуэла);
3-орынның вице-ару — Ахтиса Манало (Филиппины);
4-орынның вице-ару — Оливия Ясе (Кот-д’Ивуар).
Қазақстан атынан Дана Алмасова қатысты.
Қазақстан
Әлеуметтік желілерде Алмасова байқау барысындағы толқынысын, дайындық кезеңдерінен түсірілген бейнелерді және қолдау көрсеткен оқырмандарына алғысын жиі жариялап отырды.
- Мен үшін Қазақстанды әлемдік сахнада таныстыру — үлкен мәртебе. Қыздарымыздың сенімділігін де, мәдениетімізді де көрсеткім келеді, — деді Дана өз жазбаларының бірінде.
Ол дайындық аймағынан бейнежазбалар бөлісіп, костюмдер мен бьюти-команданың жұмыс сәттерін көрсетіп отырды.
Дана Қостанай облысының тумасы. Ол ұлттық титулды 2025 жылдың қарашасында иеленді. Бұған дейін 6 жыл бойы балаларға арналған телебағдарламада жұмыс істеді, спортпен шұғылданып, кандидат деңгейіне дейін жетті және PR мен жарнама саласында білімін жалғастырды.
Купальниктегі дефилеге қатысуы ерекше назар аудартты. Қазақстандық ару БАҚ пен көрермендердің назарын аудартқан үздік 5 қатысушының қатарына кірді. Сахнадағы сенімді жүріс, жинақылық пен байсалдылық — Алмасованың көзге бірден түсуіне себеп болды.
Соған қарамастан, Дана Алмасова жарқын әрі шынайы өнер көрсеткенімен, Қазақстан топ-30 елдің қатарына — байқаудың лонг-листіне өте алмады (барлығы 120 қатысушы болды).
Байқау төңірегіндегі дау-дамай
Биылғы байқауда жанжалдар мен келіспеушіліктер де болды. Солардың бірі Мексика өкілі Фатима Бошқа қатысты болды. Ұйымдастырушылардың бірі — Нават Ицарагрисил — оны жарнамалық іс-шараларға қатыспады деп айыптаған. Бірнеше латынамерикалық БАҚ оның Фатиманы «ақымақ» деп атағанын жазды. Ол Мексиканың ұлттық ұйымының директорын да сынға алған.
Көп ұзамай ол қызметінен шеттетілді. Бұл оқиға әлемдік деңгейде теріс реакция туғызды. Мексика президенті Клаудия Шейнбаум оны «агрессия» деп бағалап, Боштың бұл жағдайды «лайықты еңсергенін» айтты.


