Балқаш көлінде үрлемелі шеңбердегі сегіз жасар баланы қатты жел ұшырып әкетті

0
141

Екі туысы балаға өздігінен жетуге тырысқаны, бірақ қатты жел мен тулаған толқындардың салдарынан бұл қауіпті болғаны айтылады.


Балқаш көлінде үрлемелі шеңбердегі сегіз жасар баланы қатты жел ұшырып әкетті

Фото: kazlenta.kz

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Балқаш көлінде үрлемелі шеңбердегі сегіз жасар баланы қатты жел жағадан алысқа ұшырып әкетті, деп жазады inbusiness.kz.

Екі туысы балаға өздігінен жетуге тырысқаны, бірақ қатты жел мен тулаған толқындардың салдарынан бұл қауіпті болғаны айтылады.

"Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында бала мен екі ер адам аман-есен жағалауға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ".

ТЖМ кезекті рет мыналарды еске салады:

  • Балаларды судың қасында қараусыз қалдырмаңыз;
  • Қайықпен, катамарандармен және SUP-бордтармен сырғанағанда құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;
  • Ауа райы жағдайы мен желдің бағыт-бағдарын қадағалаңыз.