Бақытгүл Хаменова тойға баруға рұқсат алған - Бас прокуратура

0
144

2022 жылы 15 қарашада Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты.


Бақытгүл Хаменова тойға баруға рұқсат алған - Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Бақытгүл Хаменованың Атыраудағы тойға баруы пробация қызметімен келісілгенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Қойгелдиевтің айтуынша, егер сотталған адамға қатысты жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылса, оған той сияқты шараларға баруға тыйым салынбайды.

"Бақытгүл Хаменоваға қатысты айтар болсақ, оған үш жылға жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылған. Мұндай жағдайда іс-шараларға қатысуға тыйым салынбайды. Ол пробация қызметінен рұқсат алған", – деді Бас прокурордың орынбасары Сенат кулуарында.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) де Бақытгүл Хаменова түскен видеоны түсіндірген болатын. Онда Хаменова пробация қызметінің бақылауында екені айтылған.

Еске салайық, 2022 жылы 15 қарашада Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.