Аяғы эскалаторға қысылып қалған: Семейде әйелді құтқару сәті видеоға түсірілді

0
69

Куәгерлер сауда орталығында әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалғанын хабарлаған.


Аяғы эскалаторға қысылып қалған: Семейде әйелді құтқару сәті видеоға түсірілді

Бейнеден кадр

ERNUR.KZ. Семейде құтқарушылар сауда орталықтарының бірінде аяғы эскалаторға қысылып қалған әйелді құтқарды. Құтқару операциясы видеоға түсіп қалған, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне келіп түскен. Куәгерлер сауда орталығында әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалғанын хабарлаған.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жетті. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен екі эскалатор арасындағы технологиялық саңылауды кеңейтіп, қысылып қалған аяқты босатқан.

Әйел босатылғаннан кейін медициналық тексеруден өту және қажетті көмек алу үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.