Әуежай қызметкерлері кішкентай бүлдіршіннің терминал ғимаратына үлкендердің ертіп жүруінсіз кіруіне жол берген.
фото: Tobias Lindner
ERNUR.KZ. Ақтау әуежайы эскалаторда жарақат алған үш жасар қызға 2 млн теңге төлеуге міндеттелді, деп жазады sputnik.kz.
Бұл оқиға былтыр жазда болған. Елорданың тұрғыны кәмелетке толмаған екі баласымен Астанадан Ақтауға ұшып барған. Жолаушылар терминалынан шыққаннан кейін балалардың біреуі – екі жасар қыз шығу есіктері арқылы әуежайға жалғыз өзі қайта кіріп, эскалаторға жүгіріп барған. Сол жерде қолын қозғалатын механизмге қойғанда саусағын жарақаттап алған. Енді 10 жасқа толғанда саусақты түзету отасын жасауға тура келеді.
Жәбірленушінің анасы сотқа арыз түсіріп, моральдық шығынды әуежайдан өтеуді сұрап талап етті. Ал әуежайдың өкілі жазатайым оқиға әуежай қызметкерлерінің кінәсінен емес, баланың эскалаторға өз бетінше жақындағанынан болды деп отыр.
"Алайда сотта қаралған бейнематериалдарда әуежай инспекторының ғимаратқа шығу есіктері арқылы кірген баланың қолын ұстағаны, бірақ оның соңынан ілеспек болған анасының көңілін аулап, оны босатқаны анықталған. Инспектор әйелді әуежай ғимаратына кіргізбей, баланы қараусыз қалдырған, қыз бала эскалатормен көтеріліп, сол жерде жарақат алған", - делінген сот үкімінде.
Осылайша, әуежай қызметкерлері кішкентай бүлдіршіннің терминал ғимаратына үлкендердің ертіп жүруінсіз кіруіне жол берген.
Сот үкімімен Ақтау әуежайы эскалаторда жарақат алған үш жасар қызға 2 млн теңге төлеуге міндеттелді. Шешім заңды күшіне енді.


