Республикалық маңызы бар тас жолдардағы 30 учаскеде және облыстық маңызы бар тас жолдардағы 24 учаскеде көлік қозғалысы шектелді.
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Тоғыз облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Магомет Ахриев хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Республикалық маңызы бар тас жолдардағы 30 учаскеде және облыстық маңызы бар тас жолдардағы 24 учаскеде көлік қозғалысы шектелді.
Шектеулер Астанада, сонымен қатар Ақмола, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында енгізілді.


