Оқиға 20 қаңтар күні шамамен сағат 08:30-да.
Фото: Instagram/atyrauoil.official
ERNUR.KZ. Атырау облысындағы тасжолда жүк көлігінің тіркемесінен бетон тіреулер құлап, салдарынан үш автокөлікке шығын келді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық Полиция департаметінің мәліметінше, оқиға 20 қаңтар күні шамамен сағат 08:30-да Атырау – Доссор автожолының Бірлік елді мекені маңында болған. Оңға бұрылған сәтте Sitrak C7H маркалы жүк көлігінің тіркемесінде тасымалданып келе жатқан бетон тіреулер жол үстіне құлап кеткен.
«Оқиға салдарынан үш автокөлікке материалдық залал келді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тиісті материалдар жиналып жатыр», – деп түсіндірді Атырау облыстық полиция департаменті.


