Атырауда подъезде тұрған қыз баланы ер адам аяусыз ұрып-соғып кетті (ВИДЕО)

0
226

​Оқиға Береке ықшамауданында болды.


Атырауда подъезде тұрған қыз баланы ер адам аяусыз ұрып-соғып кетті (ВИДЕО)

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Атырау қаласының Береке ықшамауданындағы №30 үйдің подъезінде лифт күтіп тұрған қыз баланы жас жігіт соққыға жығып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жантүршігерлік сәт бейнебақылауға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан ер адамның қыз баланы бірнеше рет басынан ұрып, теуіп жатқанын көруге болады. Соққыдан кейін қыз жерге құлап түседі.

Көршінің араласуы агрессорды тоқтатты

Шуды естіп шыққан көршілердің бірі араласып, ер адамды тоқтатуға көмектескен. Осыдан кейін ер адам оқиға орнынан кетіп қалған.

Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап жатыр

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы нақтылану үстінде. Құқық қорғау органдары бейнематериалдарды зерттеп, куәгерлерден жауап алуда.