Атырауда Formula-1 деңгейіндегі жарыстарды өткізуге арналған автожол ашылады

0
46

Алып кешенді жергілікті кәсіпкер Шота Абхазава өз қаражатына салып жатыр.


Атырауда Formula-1 деңгейіндегі жарыстарды өткізуге арналған автожол ашылады

ERNUR.KZ. Texol Motorland Atyrau кешенін салуға әкімдік тарапынан тек 260 гектар жер телімі берілген, деп жазады inbusiness.kz.


“ Кәсіпкердің өзі автожарыстарға қатысады, осы хоббимен белсенді айналысады және идеяны да өзі ұсынған болатын. Қазір әкімдік қажетті жер аумағын берді, бұл жерде италиялық сәулетшілер мен трассаларды жобалаушы мекеме тартылып, зерделеу жұмыстары басталды. Бұл Атыраудың туризміне ерекше үлес қосатынына сенімдімін”, – деді әкім Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, әкім жастардың көшеде заңсыз жарыстар ұйымдастыратынын да атап өтті.

“ Бұл сұрақты инвестордың өзіне де қойғанмын. Өйткені жастардың өзі жиналып, заңсыз жарыстар ұйымдастырады, апатқа ұшырамасын деп ойлаймыз. Осы трассаның ішінде жастарға бар мүмкіндік беріледі. Бірақ міндетті түрде қауіпсіздікке қатысты оқулар, қажетті костюмдер болады. Жобаның ішінде бәрі қарастырылған. Шамамен 2-3 жылда жоба құрылысы аяқталады “, – деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Кешеннің айналасында жарыс өткізетін жолдан бөлек қонақүй кешені, гольф ойнайтын алаңдар салынады.