Атырауда бір топ бала екі жасөспірімді соққыға жыққан

0
108

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау басталды.


Атырауда бір топ бала екі жасөспірімді соққыға жыққан

Фото: delfi

ERNUR.KZ. Атырауда бір топ адам екі жасөспірімді соққыға жығып, олардың денсаулығына қасақана зақым келтірген. Барлық күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Еркінқала ауылдық округінде болған.

“Кәмелетке толмаған екі баланың денсаулығына қасақана зиян келтіруге қатысы бар барлық күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың өздері кәмелетке толмағандықтан, жауап алу заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жариялауға жатпайды”, – делінген хабарламада.

Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау басталды.