Атырау облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды

0
282

​Полиция оқиғаны растады.


Атырау облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Атырау облысында екі бірдей жасөспірімнің мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, екеуі де суицид жасаған.

«2009 және 2010 жылы туған екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қазіргі уақытта қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Куәгерлерден жауап алынып, кәмелетке толмағандардың араласқан ортасы жан-жақты зерттелуде.
Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмысы жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.