Астанаға Мьянма президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайн ресми сапармен келді

0
166


Астанаға Мьянма президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайн ресми сапармен келді

Фото: BAQ.KZ

ERNUR.KZ. Астанаға Мьянма Одағы Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік және бейбітшілік комиссиясының төрағасы, Президент міндетін атқарушы Мин Аун Хлайн ресми сапармен келді, деп жазады BAQ.KZ.

Әуежайда мәртебелі мейманды Қазақстан Республикасының Бірінші вице-премьері Роман Скляр қарсы алды.

Кейінірек Ақордада жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп, онда екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.