Астанаға Черногория президенті келді

0
308

​Черногория президентін қарсы алу рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті


Астанаға Черногория президенті келді

Фото: Ақорда

Қазақстанға ресми сапармен Черногория президенті Яков Милатович келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақорданың мәліметінше, Черногория президентін қарсы алу рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

«Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.