Астанадағы қымыз фестивалінде рекорд тіркелді

0
263

Іс-шара "Қазанат" ипподромында өтіп жатыр.


Астанадағы қымыз фестивалінде рекорд тіркелді

© Пресс-служба акимата Астаны

ERNUR.KZ. Астанада өтіп жатқан "BaiQymyz" фестивалінде бір жерде жиналған қымыздың көлемі жағынан рекорд тіркелді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фестивальге әр өңірден 50-ден астам қымыз өндіруші келді. Олардың қатысуымен алғашқы күні жаңа рекорд тіркелді. Барлығы бір уақытта Астанаға 30 тоннадан астам қымыз әкелді.

"Мұндай ауқымдағы шара Қазақстанда бұрын-соңды өткізілмеген. Әрқайсысы 500 литрден астам қымызын алып келіп, қонақтарға ұсынып, баптау тәсілдерінің ерекшеліктері туралы айтып жатыр. Осылайша, бұл жоба ұлттық дәстүрді ұлықтайтын мәдени оқиға ғана емес, ел көлеміндегі рекордтық көрсеткішке айналды. Егер фестиваль жұртқа ұнаса, біз оны жыл сайын өткіземіз", - дейді ұйымдастырушылар.

Фестивальге бірінші күні 40 мың адам келіп кетті. Бүгін – ауқымды іс-шараны соңғы күні.
Айта кетері, қымыз фестивалі Астанадағы "Қазанат" ипподромында өтіп жатыр. Іс-шара аясында қолөнер жәрмеңкесі, концерттер мен жылқы көрмесі ұйымдастырылды.