Астанадағы автобус апаты: тың деректер шықты

0
98

Жүргізуші ауруханаға жатқызылған, уақытша еңбекке жарамсыз.


Астанадағы автобус апаты: тың деректер шықты

фото/ Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Астанада автобус апаты әлі де тергеліп жатыр, оқиға салдарынан 15 жолаушы зардап шеккен болатын, оның ішінде екі аяғынан айырылған жеті жасар қыз да бар, деп жазады tengrinews.kz.

Астана Полиция департаментінің берген жауабында, автобус жүргізушісі мас болмаған, мұны медициналық куәландыру растаған. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, жүргізуші ауруханаға жатқызылған, уақытша еңбекке жарамсыз.

"Еңбек кодексінің 57-бабының 4-тармағына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз болған кезінде еңбек шартын бұзуға болмайды. Жүргізушімен арадағы еңбек шарты бұзылған жоқ", - деп нақтылады басқарманың баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, 2 маусымда Астанада автобус жол бойындағы бағанаға соғылды. Жол апаты Республика даңғылында болды. Оқиға салдарынан оннан аса адам зардап шеккені хабарланды. Кейін олар елорданың түрлі стационарларына жеткізілді.

Жуырда Астанадағы автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған қыз стационардан шығарылғаны белгілі болды.