Астанада пранк видео түсірген ер адам 10 күнге қамауға алынды

0
103

Астаналық ер адам видеоны келісіп түсіргенін айтады.


Астанада пранк видео түсірген ер адам 10 күнге қамауға алынды

Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Астаналық ер адам пранк жасаған видеосы үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп жазады stan.kz.

Астаналық ер адам видеоны келісіп түсіргенін айтады. Сөзінше, танысымен ақылдасып, оны қорқытқан видео түсірген. Бірақ сотта бұл дәлелдер жеткіліксіз болып, жігіт "ұсақ бұзақылық" үшін түрмеге жабылды. Оның бұл әрекеті қоғамға құрметсіздік көрсетті деп есептелді.

Ер адамның әйелі үкіммен келіспейді. Айтуынша, айыппұлмен шектелсе болады. Себебі ер адам кешірім сұрап, бірінші жасаған қылмысы үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ әйел 6 айлық баласымен декреттік демалыста екенін және ер адам үйдің жалғыз асыраушысы екенін айтты.