Әлеуметтік желілерді бақылау барысында полиция қызметкерлері ер адамның қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқан видеосын анықтады.
Фото: видеодан скрин
Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ POLICE_of_KZ-ке сілтеме жасап.
Полиция мұндай “әзілге” жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.