Астанада құрылысшылар биіктен құлаған: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

0
84

18 қарашада елордадағы Attila тұрғын үй кешенінің бесінші қабатында жұмыс істеп жүрген үш жұмысшы құлап кеткен.


Астанада құрылысшылар биіктен құлаған: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

видео кадры

ERNUR.KZ. Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінде үш жұмысшы биіктен құлап кеткен. Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы зардап шеккендер туралы ақпарат берді, деп жазады tengrinews.kz.

18 қарашада елордадағы Attila тұрғын үй кешенінің бесінші қабатында жұмыс істеп жүрген үш жұмысшы құлап кеткен. Зардап шеккендердің бірінің ұлы жазатайым оқиға туралы айтты.

"Әкемнің інісі қазір палатада. Ол есін біледі, жүре алады. Бір қабырғасы сынған, басы мен құлағына тігіс салынған. Қазір жағдайы бірқалыпты. Ал әкем басымен құлаған. Бір көзі көрмей қалған сияқты. Бір көзін алып тастауы мүмкін", – деді зардап шеккен жұмысшының ұлы.

Желіде оқиғаның видеосы тарады.


Астана полициясы бұл дерек бойынша құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Үш адам жарақат алған.

Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы

Ұлттық орталықтың алғашқы мәліметінше, 1981 және 1997 жылы туған екі жұмысшы ауыр жағдайда ауруханаға түскен. 1984 жылы туған үшінші адам орташа ауыр жағдайда болған.

Жаңа деректер бойынша:

  • 1997 жылы туған пациент – әлі де ауыр жағдайда, есеңгіреген күйде;
  • 1981 жылғы ер адамға 18 қарашада күрделі операция жасалған, ол да ауыр жарақатпен емделіп жатыр;
  • 1984 жылғы азамат 18–24 қараша аралығында нейрохирургия бөлімінде емделіп, жақсарған соң ауруханадан шығарылған.

Барлық зардап шеккен адамға қажетті жедел медициналық көмек көрсетіліп, ота жасалған. Дәрігерлер пациенттерді толық көлемде бақылауды жалғастырып жатыр.