Астанада Қорғалжын тасжолының учаскесі жабылды

0
78

Ш.Айтматов көшесінен Е-128 көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тасжолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар жалғасады.


Астанада Қорғалжын тасжолының учаскесі жабылды

Фото:Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

ERNUR.KZ. Астанада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі жабылды, деп жазады tengrinews.kz.

Ш.Айтматов көшесінен Е-128 көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тасжолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар жалғасады.

"Осыған байланысты 5 пен 14 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздік мақсатында және қолайсыздық болмауы үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Астана әкімдігі