Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Қызғалдақ мекені» көрмесі ашылды

0
101

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.


Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Қызғалдақ мекені» көрмесі ашылды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Қызғалдақ мекені» көрмесі ашылды. Көрме авторы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қазахбай Әжібекұлы.

Көрмеде туған жер тарихы, ұлттық рух, табиғи мұра мен тәуелсіздік идеясы тоғысқан. Оның өзегі – қазақ даласында тамыр жайған қызғалдақ бейнесі арқылы халықтың қайсарлығын, азаттыққа ұмтылысын және ұлттық болмысының өміршеңдігін таныту.

Экспозиция Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасы мен ұрпақтар сабақтастығын көрсетеді. Мұнда Алтын Орда дәуірінен бергі тарихи тұлғалардың, сондай-ақ ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби мен дана Абайдың бейнелері ұсынылған. Олардың мұрасы білім мен әділет, ұлттық еркіндік пен жарқын болашақ идеяларымен үндесіп, Тәуелсіз Қазақстанның рухани негіздерін айшықтайды.

Суретші туындыларында кең-байтақ дала, табиғат көріністері мен тарихи тұлғалар бейнеленген. Экспозицияда жер – ел тарихының, қызғалдақ – ұлттық рух пен еркіндіктің нышаны. Ал өнер өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа жол ашатын рухани күш ретінде танылады.