Астанада кәмелетке толмаған балалар жүк пойызының вагонына шығып, 70 км жолды жүріп өткен

0
91

Мәліметтерге сенсек, үшеуі 8, 10 және 11 жастағы балалар.


Астанада кәмелетке толмаған балалар жүк пойызының вагонына шығып, 70 км жолды жүріп өткен

Фото: Көлік полициясы

ERNUR.KZ. Астанада үш бала қызығушылықтан жүк пойызының вагонға шығып, 70 км жол жүріп, Ақмола облысындағы Аршалы станциясында транспорт полициясы байқап, қауіпсіз түрде пойыздан түсірді. Ата-аналары теміржол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп жазады stan.kz.

Кәмелетке толмаған балалар Астанада жүк вагонға шығып, 70 км жол жүрген. Балаларды полицейлер байқап, ата-аналарын жауапқа тартқан.

Мәліметтерге сенсек, үшеуі 8, 10 және 11 жастағы балалар. Астана станциясында пойыздың вагондарының біріне шығып, Ақмола облысындағы Аршалы станциясына дейін жеткен, онда оларды транспорт полиция қызметкерлері байқапты, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Тексеру барысында анықталғандай, балалар Астана станциясында қызығушылықтан және ойын үшін жүк пойызының бос вагонға шығып, бірнеше ондаған километр жүрген. Бақытымызға орай, транспорт полиция қызметкерлерінің пильгірлігі арқасында балалар уақытында пойыздан түсіріліп, қайғылы оқиға болмай қалды", – деп айтылған хабарламада.

Ата-аналарға теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, балаларды тәрбиелеу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау бойынша міндеттерін орындамағаны үшін де жаза қарастырылған.

Транспорт полициясы дерегінше, биылғы 10 айда теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзудың 3769 дерегі тіркелген. Мұндай бұзушылықтарға жүк пойыздарында заңсыз жүру, қозғалыстағы пойызға шығу немесе түсу, вагон төбесі мен подножкасына міну, сондай-ақ қажетсіз тоқтату кіреді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ICON CLUB кәмелетке толмағандармен өткен дискотека үшін жабылатынынжазған едік. Алматыда полиция Хэллоуин мерекесін мас күйінде атап өткен алты жасөспірімге қатысты шара қолданды. Олардың ICON CLUB клубындағы видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Оқиға орнына бірден кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар барған. Жасөспірімдердің ата-аналары балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Ал балалар ювеналдық полицияның профилактикалық есебіне қойылды. Клуб иесіне кәмелетке толмағандарды ересектердің ілесуінсіз кіргізгені үшін айыппұл салынды.