Астанада ер адамның үстіне шатырдан қалың қар құлады

0
125

Қар ер адамның үстіне сауда үйлерінің бірінің жанынан өтіп бара жатқан кезде шатырдан құлаған.


Астанада ер адамның үстіне шатырдан қалың қар құлады

ERNUR.KZ. Астанада ер адамның үстіне шатырдан қалың қар құлады, деп жазады baq.kz.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Қар ер адамның үстіне сауда үйлерінің бірінің жанынан өтіп бара жатқан кезде шатырдан құлаған.

Полиция тексеріс бастады. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша “Нұра” ауданы полиция басқармасымен тексеру жүргізілуде. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. Сауда орталығының әкімшілігіне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.