Астанада, Алматыда, Шымкентте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

0
131


Астанада, Алматыда, Шымкентте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 мамырда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп жазады Zakon.kz.



Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенші өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, тұман, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақытта екпіні 25 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматыда түнде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының найзағай, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысында түнде оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде, батысында бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.