Ата-анасы міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Сурет: видео скрині
ERNUR.KZ. Астанада 7 жастағы бала ересектердің қарауынсыз қалып, ата-анасының көлігінің кілтін алып, жол апатына себеп болды, деп жазады zakon.kz.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бала ауладан ұзап үлгерместен, бірден тұрақта тұрған екі көлікке соғылған.
"Полиция қызметкерлері баланың және оның ата-анасының жеке басын анықтады. Ата-анасы міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады", - делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары ересектерге балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуды, көлік кілттері мен өзге де қауіпті заттарды қараусыз қалдырмауды ескертті.