Бала жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Фото: ТЖМ
ERNUR.KZ. Астанада 10 жасар қыз қамыр илейтін құрылғыға қолын қысып қалды, деп жазады stan.kz.
10 жасар қыздың қолы құрылғыға қысылып қалған екен. Ата-ана қолын өздері шығара алмай, құтқарушыларға жүгінді.
Құтқарушылар баланы және ата-ананы тыныштандыруға мәжбүр болды.
"Тез келген құтқарушылар алдымен бала мен ата-ананы тыныштандырды, содан кейін құтқарушылардың бірі қыздың қолына мұз жағып, оның назарын аударса, екіншісі аппаратты жартылай бөлшектеп, саусақтарын босатқан", – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Бала жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.