Астана вокзалында ер адамды пышақтаған күдікті қолға түсті

0
119

Бұл ақпаратты ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Астана вокзалында ер адамды пышақтаған күдікті қолға түсті

Фото: Depositphotos

ERNUR.KZ. Оқыс жағдай Астанадағы "Нұрлы Жол" теміржол вокзалында болған. Күдікті ер адамға пышақ жарақатын салған, деп жазады inbusiness.kz.

Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы тұрақты.

"Астана станциясындағы желілік полиция басқармасымен пышақ жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", – деп жазылған Көліктегі полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.