Астана халқының саны 1,5 млн адамға жетті

0
118


Астана халқының саны 1,5 млн адамға жетті

ERNUR.KZ. Елорда күні қарсаңында Қазақстанның бас қаласы – Астана туралы қызықты статистикалық мәліметтер жарияланды, деп жазады nbusiness.kz.




2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласының халқы 1 566 566 адамға жетті. Қалада әйелдер саны ерлерден көп: 823 766 әйел және 742 800 ер адам тіркелген.

2025 жылдың бірінші тоқсанында елордада 6 025 сәби дүниеге келді, ал осы кезеңде 1 914 неке ресми түрде тіркелді.

Астанадағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 78,52 жасты құрайды.

Қалада қазіргі таңда 14 жоғары оқу орны, 10 театр және 7 мұражай жұмыс істейді.

2025 жылғы 1 маусымдағы мәліметке сәйкес, елордада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 295 179 бірлікті құрады.

Сондай-ақ, Қазақстанда ресми түрде Астана есімін иеленген 24 адам бар екені белгілі болды.