“Астана Банкінің“ бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталды

0
146

Оған жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асатын тұрғын, әкімшілік, өндірістік нысандар, құрылыстар, жер учаскелері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар түріндегі мүлкін тәркілеу үкімі шығарылған.


“Астана Банкінің“ бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталды

фото: tengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров "Астана Банкінің" бұрынғы басшылығына қатысты іс бойынша жаңа мәліметтерді хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Брифинг барысында Биғайдаров "Астана Банкі" АҚ бұрынғы топ-менеджменті мен қызметкерлеріне қатысты үкім 2025 жылғы 22 сәуірде елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқылғанын айтты.

"Сот "Астана Банкі" АҚ директорлар кеңесінің экс-төрағасы әрі ірі акционері Олжас Тохтаровты агенттік қызметтер көрсету түрінде ұрлық жасағаны және банкроттық алдындағы кезеңде Алматыдағы бизнес-орталықты бағынышты компаниялардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғаны үшін кінәлі деп таныды", – деді Биғайдаров Антикордағы брифингте.

Оның айтуынша, Тохтаров сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Оған жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асатын тұрғын, әкімшілік, өндірістік нысандар, құрылыстар, жер учаскелері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар түріндегі мүлкін тәркілеу үкімі шығарылған.


Еске салайық, былтырғы қыркүйекте Антикор бұрынғы акционер Олжас Тохтаровты тергеуге шақырған болатын.

Ведомство сол кезде күдікті Тохтаров 2024 жылғы 26 қыркүйекте Астанадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына келуі керек екенін мәлімдеген еді.