БАҚ өкілі әскерге шақырылғандарды көшеден ұстап әкетуге қашан тыйым салынатынын сұрады.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында әскерге көшеден ұстап әкетуге толықтай тыйым салынғанын мәлім етті, деп жазады inform.kz.
БАҚ өкілі әскерге шақырылғандарды көшеден ұстап әкетуге қашан тыйым салынатынын сұрады.
— Бұл тақырыпқа бірнеше рет брифинг те өткізген болатынбыз. Биыл жергілікті атқарушы органдардың әскери басқармаларына әскерге шақырылғандарды көшелерден, ойын орындарынан, қоғамдық орындардан ұстап әкетуге тыйым салдық. Осы туралы министрдің бұйрығы бар. Ал біз бұйрықты талқыламаймыз, орындаймыз, — деді Фархат Айдарбаев.