Пашинян әлеуметтік желіде Bayansulu орындайтын «Aua rai» әнін тыңдап отырған видеосын жариялаған.
ERNUR.KZ. Армения Премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желіде Астанада жүрген кезінен видео жариялап, оқырмандарға тілектестік білдірді, деп жазады baq.kz.
Пашинян әлеуметтік желіде Bayansulu орындайтын «Aua rai» әнін тыңдап отырған видеосын жариялаған.
Қайырлы таң! Күндеріңіз жақсы өтсін. Сіздердің барлығыңызды жақсы көремін, - деп жазды Армения Премьер-министрі өзінің Instagram парақшасында.
Еске салайық, кеше, 20 қарашада, Армения Үкіметінің басшысы Астанаға ресми сапармен келген болатын.


