Әрбір депутатпен жеке кездесуге болады - Құрылтай тәртібін түсіндірді

0
73

Депутаттың қабылдауына Құрылтай сайтында жазылуға болады.


Әрбір депутатпен жеке кездесуге болады - Құрылтай тәртібін түсіндірді

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Құрылтайда қоғамдық қабылдау қызметі ашылды. Сол арқылы әрбір депутатымен жеке кездесуге болады, деп жазады sputnik.kz.
Депутаттың қабылдауына Құрылтай сайтында жазылуға болады. Сол жерде кездесудің күнін және уақытын көрсету керек. Сайтта жазылу сатысын тексеру қызметі де бар. Қолма-қол өтініш те беруге мүмкіндік бар.
"Құрылтай депутатының қабылдауына Құрылтайдың ресми сайты арқылы электрондық өтініш жолдау, жазбаша немесе қолма-қол өтініш беру, сондай-ақ тікелей ауызша жүгіну арқылы жазылуға болады", - делінген ресми хабарламада.
Құрылтайда қоғамдық қабылдаудың жұмысын үйлестіруге депутаттар Константин Авершин, Айжан Аймағанова мен Шолпан Каринова жауапты болады.
Құрылтай бюросы қоғамдық қабылдауда депутаттардың азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын да әзірледі.