Амантай қажы баспалдақтан итеріп жіберген әйелдің қызы жағдайдың қалай болғанын айтып берді

0
138

Әлеуметтік желіде белгілі қоғам белсендісі, бірнеше рет президенттікке үміткер болған 83 жастағы Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені түсірілген видео тарады.


Амантай қажы баспалдақтан итеріп жіберген әйелдің қызы жағдайдың қалай болғанын айтып берді

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде белгілі қоғам белсендісі, бірнеше рет президенттікке үміткер болған 83 жастағы Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені түсірілген видео тарады. Зардап шеккен әйелдің қызы оқиғаның жай-жапсарын баяндады, деп жазады stan.kz

Белгілі болғандай, оқиға 4 шілде күні “Динамо” спорт кешенінің аумағында болған. Онда 76 жастағы Биғайша Бектенбаева медбике болып жұмыс істейді. Оның қызы Раиса Бесқарағаева анасын Амантай қажының баспалдақтан итеріп жібергенін растады.Раиса Бесқарағаеваның айтуынша, сол күні таңертең анасы жұмысқа келген. Ол Амантай қажымен амандасып, “Жұма қабыл болсын” деген.“Ол күзетшімен сөйлесіп тұрған. Сол кезде Амантай қажы кіріп келіп, амандасқан. Содан кейін бұрылып, анамды бар күшімен итеріп жібереді. Анам баспалдақтан құлап кетіп, орнынан тұра алмай қалды. Ол тіпті жақындап, көмек те көрсетпеген. Күзетші дереу полиция мен жедел жәрдем шақырды", – деді Раиса Бесқарағаева.Оның айтуынша, анасының жамбас сүйектері бірнеше жерінен сынған. Жасына байланысты сауығу процесі ұзаққа созылмақ.Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Амантай қажы Асылбек — антиядролық майдан мен бүкілқазақстандық "Аттан Қазақстан" бейбітшілік шеруінің жетекшісі болған. Ол "Невада-Семей" қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі ретінде танымал.