Бүгіннен бастап Алматының мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастады.
ERNUR.KZ. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы бойынша өкілі Жаңыл Әпетова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, АвтоХҚО-лардың жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, дүйсенбі-жұма аралығында болады.
«Сонымен қатар, ХҚО-лардағы құжаттандыру секторлары мен Миграциялық ХҚО бөлімі де қайта іске қосылды. Мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамын онлайн алуға, сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламыз»,- деді Жаңыл Әпетова.
Ол АвтоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес берді.
Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.
Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалы қалада неліктен АвтоХҚО-лардың әлі іске қосылмауының себебін айтқан болатын.