Қыркүйек айында дүниеге келген қыздың құжаттарында жынысы қате көрсетілген.
Алматылық келіншек босанған қызының «ұл» емес екенін айлар бойы дәлелдей алмадым дейді. Себебі, сәбидің құжатын перзентханадағылар дұрыс толтырмаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.
Соған байланысты баланың туу туралы куәлігі де қате жазылған. Ал оны түзету үшін біраз жердің табалдырығын тоздырғанын айтады. Мәселені "Нұр Отан" партиясының көмегімен ғана шешкен.
"Біздің хабарласпаған жеріміз қалған жоқ. Үшінші роддом, денсаулық сақтау басқармасы, Алматы қалылық әкімдік. Нұр отанға хабарластық осы кісілер 10 күн ішінде бітіріп берді жұмысымызды", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Мақпал Нұрлан.
"Нұр Отан" партиясы Алматы қ. филиалы қалалық мәслихат депутаты Әсия Айқанқызымен бірлесіп, ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің ақпараттық базасына қателікті түзеу бойынша жұмыстарды атқарды. Партияға хабарласқалы, 10 күн ішінде өздеріңіз көріп тұрғандай бүгін туу туралы куәлікті қыздың анасы қолына алып отыр", - дейді Алматы қаласы «NUR OTAN» партиясы филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Әбілқадыр Әбілқайыров.