Алматыдағы өзін-өзі өртеу оқиғасы: жаңа видео пайда болды

0
139

25 тамыз кешке ер адам Алматы әуежайының Т-1 терминалында өзін өртеген.


Алматыдағы өзін-өзі өртеу оқиғасы: жаңа видео пайда болды

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайындағы өзін-өзі өртеу оқиғасының видеосы пайда болды. Кадрларда ер адамның телефонмен сөйлесіп тұрғаны және полицейлермен сөз таластырып тұрғаны көрінеді. Кейін кассир әйелді бөлмеден шығарып жібергені және бірнеше минуттан кейін өзін өртегені көрінеді, деп жазады tengrinews.kz.

Видеоны оқиға болған Nur Ai & Co әуетурагенттігінің директоры жариялады.


"Ол кіріп, телефон сұрады, біреуге қоңырау шала бастады, рейске үлгермедім деді ме, кейін өзіне бензин құйды. Біздің агент шығаруын өтінген, ол оны шығарып, содан кейін өзін өртеді. Біздің қызметкеріміз, Ксения, абыржымай, бәрін анық әрі жылдам істеді", – деп жазды Facebook-парақшасында Nur Ai & Co әуетурагенттігінің директоры Гүлмира Садуақасова.Сондай-ақ ол ер адамның кассаға жанғыш сұйықтықпен келгені айтылды.

Не болды?

Еске салайық, 25 тамыз кешке ер адам Алматы әуежайының Т-1 терминалында өзін өртеген. Полицейлер әуежай қауіпсіздік қызметімен бірге дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап: өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер зардап шеккенді қалалық ауруханаға жеткізді.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

26 тамызда ер адамның жағдайы белгілі болды. Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, оның жағдайы өте ауыр.