Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертінен 10 млрд теңге табыс түскен

0
120

Шамамен 600 млн теңге салық түскен.


Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертінен 10 млрд теңге табыс түскен

фото: Sputnik / Евгений Одиноков

ERNUR.KZ. Алматыдағы Дженнифер Лопес концертіне 27 мың көрермен жиналып, 10 млрд теңге табыс түскен, деп жазады sputnik.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, оған 27 мың көрермен қатысқан, оның ішінде 35 елден 7 мың шетелдік қонақ келген.
Экономикалық тиімділік те жоғары көрсеткішке жетті:
10 млрд теңгеден астам айналым;
шамамен 600 млн теңге салық түсті;
концерт күні Алматыда шетелдік туристердің өзі 5 млрд теңгеден астам қаржы қалдырған.
Дженнифер Лопес тобы концерттің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Әншінің турының бас режиссері мен техникалық директоры Григорий Антропов Алматыдағы дайындық жұмыстары барлық қаланың ішінде ең үздігі болғанын атап өтті.

Айта кетері, 10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда Дженнифер Лопестің ауқымды шоуы өтті.