Алматыдағы Ботаникалық бақта екі ер адам аққуды тұншықтырмақ болды (ВИДЕО)

0
124

​Аққуларға қатыгездік көрсетілген оқиға тіркелді.


Алматыдағы Ботаникалық бақта екі ер адам аққуды тұншықтырмақ болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы Ботаникалық бақта аққуларға қатыгездік танытқандар көзге түсті. Екі ер адам құстарды мойнынан тартып, дөрекі әрекет жасаған. Бұл сәт бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Желіде тараған видеода ер адамның аққуды мойнынан дөрекі ұстап, жұлқылағаны анық көрінеді. Оқиға куәгерлері бұл әрекетке ескерту жасағанымен, жауап ретінде былапыт сөздер естіген.

«Мұны көру өте ауыр болды, өйткені аққулар да біз секілді тірі жаратылыс. Біз жай өтіп кете алмадық, ескерту жасадық, бірақ олар бізге дөрекі сөздермен жауап берді», – дейді бейнеролик авторы.

Ботаникалық бақ әкімшілігі бұл оқиғаны растады. Олардың айтуынша, «екі ер адам құстарға аса қатыгездікпен қараған». Қазіргі таңда бейнежазбалар арқылы құқық бұзушылардың түр-тұлғасы анықталды. Мекеме бұл мәселеде полициямен бірлесіп жұмыс істеуде.

«Алматы қаласындағы Ботаникалық бақ аумағында құсқа қатыгездік көрсету фактісі бойынша тексеру басталды. Аталған іс бойынша заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады. Өзге де мән-жайлар анықталуда», – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.