ШЫМКЕНТ: Мектеп түлектеріне арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті

0
102

Қатысушыларға арналған интерактивті ойын ұйымдастырылып, профориентолог Ақан Сәбитұлы Бесбаев кәсіби бағдар беру бойынша тренинг өткізді.


ШЫМКЕНТ: Мектеп түлектеріне арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастарды қолдау және жұмыссыздықты азайту, кәсіби бағдар беру мен еңбек нарығына бейімдеу жобасы аясында мектеп бітіруші түлектерге арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.

Кездесу барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман сөз сөйлеп, жастарға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың және кәсіби дамуға ұмтылудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ қатысушыларға арналған интерактивті ойын ұйымдастырылып, профориентолог Ақан Сәбитұлы Бесбаев кәсіби бағдар беру бойынша тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушыларға өз қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, мамандық таңдауда саналы шешім қабылдау жөнінде бағыт-бағдар берілді.
Бұдан бөлек, профориентолог, грант-аналитик және Gallup сарапшысы Рамазан Нұрланұлы Бексейт білім беру мүмкіндіктері мен гранттар туралы ақпаратпен бөлісті.
Бөлісу