Алматыда жүргізуші көршісін әдейі көлікпен қақты

0
111

Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға кездейсоқ болмаған.


Алматыда жүргізуші көршісін әдейі көлікпен қақты

ERNUR.KZ. Алматыда жүргізуші көршісін әдейі көлікпен қақты, деп жазады baq.kz.

Оқиға Жетісу ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Ер адам көршісін көлігімен әдейі қаққан. Желіде тараған видеода әдейі соққы сәті анық көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға кездейсоқ болмаған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, зардап шеккен адам – отбасындағы жалғыз асыраушы. Үйінде оны анасы мен әжесі күтіп отыр, екеуі де зейнеткер, – делінген видеода.

BAQ.KZ редакциясы полиция департаментіне оқиға жайлы түсініктеме алу үшін сауал жолдады.

Қақтығыстың себептері мен өзге де мән-жайлар әзірге анықталуда.